Өрттің орын алу себебі анықталуда
Алматылық өрт сөндірушілер қоймадағы өртті жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгін Жетісу ауданында металл қоймасында өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша өрттің жалпы ауданы - 200 ш. м.
«Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің орын алу себебі анықталуда», - делінген хабарламада.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұсынады.