Арзан азық-түлік жеткіземін деп 9 кәсіпкерді алдаған адам Ресейде ұсталды

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Қазақстанның құқық қорғау органдары  оны Ресейден елімізге экстрадициялады

Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның Бас прокуратурасы 9 кәсіпкерді алдап, ірі көлемде ақша иемденген қылмыскерді елімізге экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Дереккөзге сүйенсек, қылмыскер Мәскеуде қолға түскен. 

“Аталған тұлға 2022-2023 жылдар аралығында шет елдерден азық-түліктің көтерме парииясын жеткізіп беремін деген сылтауымен алаяқтық жасап, 9 кәсіпкердің жалпы сомасы 470 млн теңгеден астам  қаражатын иемденген”,-деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Жасырынып жүрген қылмыскер былтыр о желтоқсан айында Мәскеу аумағында ұсталған болатын.