26.04.2024, 13:52
Оқиғалар
ҰҚК Алматы облысында есірткі зертханасын жойды
Күдікті ер адам ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
17 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар жәнезертханалық жабдық алынды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды», - делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды