26.04.2024, 12:42
Оқиғалар
19 жастағы павлодарлық есірткі қылмысы үшін 10 жылға сотталды
Оны полиция қызметкерлері есірткі қаптамаларын сатуға тырысқан сәтінде ұстаған
Фото: istockphoto.com
Павлодарда 19 жастағы жігіт есірткі қылмысы үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол соңғы жылдары құмар ойын ойнап, қарызға белшесінен батқаннан кейін жұмыс іздеген. Жас жігіт сайт арқылы оңай әрі табысы жақсы жұмыс тапқан.
«Оны полиция қызметкерлері есірткі қаптамаларын сатуға тырысқан сәтінде ұстады. Күдіктіні тексеру кезінде күртешенің қалтасынан 18 грамнан астам психотроптық зат тәркіленді», - деп жазылған хабарламада.
19 жастағы жігіт есірткі қылмысы үшін сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды