Жақында ауруынан 234 адам айығып шықты
Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 6060 адам анықталды, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Ресей Федерациясының 78 өңірінде бір тәулікте 6060 адамның коронавирусты жұқтырғаны анықталды. Вирусты жұқтырғандардың 43%-ында клиникалық симптомдар байқалмаған. Бұған қоса, тағы 48 адам қайтыс болды», - делінген ақпаратта.
Елде бүгінге дейін барлығы 42 853 науқас тіркелген. 3 291 адам жазылып шықты. 361 адам індеттен көз жұмды.