Нұр-Сұлтанда ер адам әйелін атып өлтіріп, баласын жаралады

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті алкогольді ішімдік ішіп алған

Көрнекі фото

Елордада отбасылық жанжалдың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Мылтықтың оғынан 55 жастағы әйел мен 5 жасар баланың жараланғаны туралы ақпарат полицейлерге 20 қазан күні сағат 22:19-да келіп түскен.

«Отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы ер адам өзінің әйелін атып, өзге әйелден туған ұлын жаралағаны анықталды. Күдікті алкогольді ішімдік ішіп алған. Әйел адам алған жарақаттан қайтыс болса, кішкентай бала ауруханаға жеткізілді. Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда адами өлтірді деп күдікке ілінген ер адам қамауға алынды.