«Телефонын ломбардқа өткізіп, ақша аударып алған»: Павлодарда қонаққа барған бойжеткен ұрлық жасады

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Телефонын ломбардқа өткізіп, ақша аударып алған»: Павлодарда қонаққа барған бойжеткен ұрлық жасады
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодарда бойжеткен танысының үйіне қонаққа барып, оның телефонын ұрлап, ломбардқа өткізіп жіберген. Мұнымен қоймай ол ер адамның банктік қосымшасынан өзіне 57 мың теңге аударып үлгерген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар қаласының полициясына қала тұрғыны жүгінді. Ер адамның айтуынша, ол интернет арқылы танысқан қызын бірге уақыт өткізу үшін үйіне шақырған. Алайда қонаққа келген бойжеткен жәбірленушінің Samsung телефонын қолды қылып кеткен.

«Тергеу барысында қыздың уақыт жоғалтпай, ер адамның телефонының банктік қосымшасынан өзіне 57 мың теңге аударып үлгергенін, ал телефонды ломбардқа тапсырғаны анықталды. Түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа берілді», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.