Қазақстанда 389 адам коронавирустан жазылып шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Сағат 14:00- дегі жағдай

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 7 науқас сауығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

«Бүгін сағат 14:00 дейін елімізде жалпы 389 адам үйлеріне шықты, оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 172, Алматы қаласында – 84, СҚО – 18, Ақтөбе облысы – 5, Жамбыл облысында -6, Павлодар облысында- 1, Алматы облысында - 8, Қарағанды облысында - 12, Шымкент қаласында – 11, Атырау облысында - 21, Батыс - Қазақстан облысында -2, Маңғыстау облысында -1, Ақмола облысында – 17, Қызылорда облысында – 24, Түркістан облысында - 7 адам», - делінген хабарламада.