19 сәуір күнгі таңдағы мәліметтер
Дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 333 729 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Қайтыс болғандар — 160 780 (+6 424) адам, жазылып шыққандар — 599 316 (+26 050) адам», - делінген хабарламада.
Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырған тағы 5 525 адам анықталды
Қазіргі таңда COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған барлығы 114 217 адам тіркелген. Сондай-ақ, аталған вирустың кесірінен жақында 888 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны — 15 464.
Түркияда жақында 3 783 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған
Бұл елде вирусты жұқтырғандардың жалпы саны — 82 329. Қауіпті вирустан тағы 121 науқас қайтыс болды. Індеттің салдарынан көз жұмғандардың жалпы саны 1890-ды құрап отыр.
Иранда тағы 1 374 адамның COVID-19-ды жұқтырғаны белгілі болды
Коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 80 868 адам тіркелген. Иранда коронавирустан 73 адам жақында көз жұмды. Бүгінгі таңда ел бойынша қайтыс болғандар саны — 5 031.
Францияда 3 824 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелді
Жалпы вирусты жұқтырғандар саны 151 793-ке жетті. Сонымен қатар, соңғы уақытта 642 адамның вирустың кесірінен көз жұмғаны белгілі болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны — 19 323.
Өзбекстанда COVID-19-ды жұқтырған тағы 85 адам анықталды
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1490-ға артты. Жақында бір адам аталған инфекция салдарынан қайтыс болды. Бұл елде коронавирустан көз жұмғандар саны — 5 адам.