$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2020, 13:10
Оқиғалар

Алматы облысында тұрғындар коронавирус жұқтырғандарға арналған амбулаторияны күл-талқан етті

Жергілікті халық вирус жұқтырғандарды ауылға әкелуге қарсылық білдірген

Алматы облысында тұрғындар коронавирус жұқтырғандарға арналған амбулаторияны күл-талқан етті

19 сәуірге қараған түні сағат 00.15-те Қарасай ауданы Елтай ауылдық округіне қарасты Береке ауылының тұрғындары дәрігерлік амбулаторияға материалдық шығын келтірді. Олар аталған орталыққа коронавируспен ауырғандармен байланыста болған адамдардың жатқызылуына қарсы болған.

Береке ауылындағы амбулаторияға коронавирусқа күдікті адамдарды жатқызып, оқшаулау жоспарланған екен. Бұл жағдай жергілікті тұрғындардың ашуын туғызды. Түн ортасында халыққа жағдайды түсіндірмек болып Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далбаев оқиға орнына келген. Алайда, ашуға булыққан тұрғындар шенеунікті тыңдаған жоқ. Олар қолына түскен затпен ғимаратты қирата бастады.

«Аудан әкімі Далабаев тұрғындармен сөйлесуге келіп, жағдайды түсіндіруге тырысқанымен, ауыл тұрғындары әкімнің сөзіне құлақ аспай, обсервациялық стационарды жабуды талап еткен. Тұрғындар арасынан бұзақылар шығып, ғимаратқа материалдық шығын келтірген. Есік-терезелерін бұзып, 30 төсек пен матрацты сыртқа лақтырған. Жиналғандардың ішінде жекелеген адамдар алькогольдік ішімдік ішіп алғандар болған. Мас тұрғындар Қарасай аудандық полция бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел. 

Ауылдық амбулаторияның ішінде науқастар болмаған, ғимарат бос болған. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК 202-бабының 1-бөлігіне сәйкес, яғни бөгденің мүлкіне қасақана зиян келтіру әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төтенше жағдай кезінде заңсыз әрекетті ұйымдастырып, бұзақылыққа бастағаны үшін кінәлілер қатаң жазалануы мүмкін.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары