Түркістан облысында 217 адамды мысық жарақаттаған
Жыл басынан бері облыста мыңға жуық адамды ит қапқан
Түркістан облысында қызық дерек тіркеліп отыр. Мұнда жыл басынан бері 217 адам мысықтан зардап шегіп, ауруханаға жүгінген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Otyrar сайтының мәліметіне сүйенсек, Түркістан облысында жыл басынан бері жануарлардан зардап шеккен 1 297 адам медициналық көмекке жүгінген. Жарақат алғандардың ішінде 976 адамды ит қапқан. 217 адам мысықтан зардап шеккен. 51 адамды жылқы теуіп, 5 адамды сиыр сүзген. 49 адам жабайы жануарлар мен кеміргіштерден зиян көргені анықталып отыр.
Айта кетейік, дереккөз биыл Түркістан облысында 41,3 мың қаңғыбас ит пен мысық ауланатынын хабарлап отыр.