$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.04.2024, 20:27
Оқиғалар

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен екі балықшының біреуінің денесі табылды

Мәйіт 5 метр тереңдіктегі теңіз астынан шығарылды

Маңғыстау облысында жоғалып кеткен екі балықшының біреуінің денесі табылды
Фото: freepik.com

Түпқараған ауданында сәуір айының басында теңізге қайықпен шығып, жоғалып кеткен балықшылардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті іздеу жұмыстары кезінде бір балықшының денесі табылғанын мәлімдеді.

«20 сәуір күні кешкі сағат 21:00-де Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласынан жиырма шақырып қашықтықта теңіз жағалауынан 400 метр жерден жоғалған азаматтың бірінің денесі жергілікті балықшылардың көмегімен шамамен 5 метр тереңдіктен теңіз астынан табылды. Қазіргі уақытта жоғалған екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді азаматтық қорғау аға лейтенанты Дінмұхаммед Пірімжан.

Айта кетейік, 3 сәуір күні таңертеңгі сағат 07:40 кезінде Форт-Шевченко қаласынан Қызыл Өзен ауылы бағытына қарай Үрдек (Асан) теңіз жағасынан шамамен 25-30 шақырым қашықтыққа бет алған екі адам хабарсыз кеткені туралы құтқару қызметіне хабарланған.

Кейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті балықшылардың 1985 және 1982 жылы туған тұрғындары екенін мәлімдеді. Олардың 2 сәуір күні кешкі сағат 22:30 шамасында үрлемелі қайықпен балық аулауға кеткеннен кейін қайтып оралмағаны белгілі болып отыр.

Серіктес жаңалықтары