Белгісіз біреулер Қуандық Бишімбаев хабарласқан балгерді өлтіреміз деп қорқытқан

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Ол бұл туралы бүгінгі сот отырысында мәлім етті

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қуандық Бишімбаев 2023 жылы 9 қараша күні телефон соққан көріпкел оны әлдекімдердің қорқытып жүргенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Оның айтуынша, әлдекімдер соңғы үш күнде қоңырау соға бастаған.

«Өлтіреміз» деп қорқытады. Соңғы үш күнде белгісіз біреулер қорқытып жүр. Полицияға енді арыз жазамын. Маған жаман сөздер айтып қорқытады. Кім екенін білмеймін», - деді куәгер.

Айта кетейік, бүгін сот отырысында куәгер ретінде сұралып жатқан көріпкелдің суреті мен аты-жөнін жариялауға тыйым салынды.