Алматы облысында үйлену тойы кезінде автоматтан оқ жаудырған ер адам ұсталды
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысында үйлену тойы кезінде автоматтан оқ жаудырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан үйлену тойы кезінде ер адамның АК-74 автоматынан бірнеше рет оқ атқанын көруге болады.
Оқиға Қаскелең қаласында болған.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Оқиға 2022 жылы Қарасай ауданындағы мейрамханалардың бірінің аумағында болған.
«Қазіргі уақытта 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, қамауға алынды. Одан АК-74 автоматы табылып, тәркіленді. Күдікті шынымен де танысының үйлену тойында бірнеше рет оқ атқан», — деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді.