$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.04.2024, 06:22
Оқиғалар

Павлодарда IV дәрежелі күйік шалған баланы ата-анасы дәрігерге екі аптадан кейін көрсеткен

Оқушы жақын күндері ауруханадан шығарылады

Павлодарда IV дәрежелі күйік шалған баланы ата-анасы дәрігерге екі аптадан кейін көрсеткен
Фото: istockphoto.com

Павлодарда 10 жастағы оқушы күйік алып, ата-анасы алғашқыда баланы үйде емдеді. Алайда балаға операция қажет болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Павлодар-онлайн сайтына сілтеме жасап.

Оқушы жақын күндері ауруханадан шығарылады.

«Кейде ата-аналар ауруханаға кеш жүгінеді. Қазір бізде он жастағы бала бар. Ол 22 наурызда күйік алды, алауда ауруханаға тек 2 сәуірде келді. Бала диван мен жылу батареясының арасында қалып қойған, ата-анасы алғашқыда өздері емдеген, бірақ 4-дәрежелі күйік болғандықтан ота жасау керек болды», - деді Павлодар балалар ауруханасының дәрігер-камбустиологы Каһарман Баймұратов.

Дәрігерлердің айтуынша, көптеген балалар абайсызда, ас үйде тамақ пісіру немесе тамақтандыру кезінде күйіп қалады. Көбінесе күйікпен бір жастан үш жасқа дейінгі балалар келеді.

Серіктес жаңалықтары