$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.04.2020, 11:40
Оқиғалар

Түркістан облысында COVID-19 жұқтырғандар саны 57 адамға жетті

Өңірде 1994 жылғы тұрғынның коронавирус жұқтырғаны нақтыланды

Түркістан облысында COVID-19 жұқтырғандар саны 57 адамға жетті

18 сәуір күні Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді, деп хабарлайды Денсаулық Сақтау министрлігі.

Диагностикалық зерттеу қорытындысымен Сарыағаш ауданының 1994 жылғы тұрғынының коронавирусты жұқтырғаны нақтыланды. Ол жүк тасымалдайтын көлік жүргізушісі.

15 сәуір күні Ресей Федерациясынан келуіне байланысты стационарлық клиникаға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.

Науқаспен қарым-қатынаста болғандар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошағында эпидемиологиялық зерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

18.04.2020 жылғы жағдай бойынша Түркістан облысында COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 57 адамға жетті.

Серіктес жаңалықтары