Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстер әлі де кешігіп жатыр

Автор: Темірхан Айжан

Астана-Дубай рейсі сағат 19.00-ден кейін ұшуы мүмкін

Фото: Әсет Құндақбаев

Дубайдағы толассыз жауыннан әуежайдың ұшақ қонатын айлағын су басқан.Осыған байланысты, Қазақстаннан Дубайға қарай 3 күннен бері ұшақ ұшпай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

19 сәуірде Air Astana әуе компаниясы Алматы-Дубай-Алматы рейстерін алып тастады. Ал Астана-Дубай рейсі сағат 19.00-ге дейін кешіктірілмек.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінде нөсер жауын жауып, дауыл тұрған. Біздің тілшімізге сұхбат берген Дубайдағы қазақ жігіті жаңбыр жауа қалған күні жергілікті халық 4-5 сағаттап такси күткенін айтқан еді.