Антикор "Алматы Су" бас директорының орынбасарын қолға түсірді
Сонымен қатар, Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі "Алматы Су" бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысын ұстады, деп хабарлайды Azattyq ruhy агенттіктің ақпаратына сілтеме жасай отырып.
Агенттіктің Алматы қаласы бойынша департаменті "Алматы Су" бас директорының орынбасарын ауыр жемқорлық қылмыс жасап жатқан жерінен қолға түсірген.
"Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған",-деп хабарлайды агенттік.
Ал, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.
Қазір екі күдікті де қамауға алынғаны белгілі болып отыр.