$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.04.2020, 18:49
Оқиғалар

Ордабасы ауданының әкімі қайтыс болды

Облыс әкімінің кеңесшісі оның ауырғанын айтты

Ордабасы ауданының әкімі қайтыс болды

2019 жылы қыркүйек айынан бері Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі қызметін атқарған Әліпбек Өсербаев өмірден озды. Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов Facebook парақшасында жазды.

«Ардақты ағамыз Әліпбек Шәріпбекұлының дүниеден өткені жайлы хабарды естіп көңілім құлазыды. Біраз жасқа үлгі бола білген ағамыздың өңіріміздің көркеюіне қосқан үлесі баршаңызға мәлім. Ғұмырының басым бөлігін халқы үшін еңбек етумен өткерген ағамыздың орны толмасы анық. Өмір жолы бізге де, бізден кейінгі буынға да өнеге болып қалмақ. Отбасына қайғырып көңіл айтамын. Ағамыз еш есімізден шықпайды. Жатқан жері жарық, жаны пейіште болғай», - деп жазды ол.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов оның ауырғанын айтты. 

«Ол кісі ауырып қалды. Өзін жеке білетінмін. Жақсы кісі еді. Оның орнына аудан басшылығына келетін адам әлі жоқ. Тез арада шеше алмайсыз. Себебі, күрделі аудан», - деп пікір білдірді ол.

Әліпбек Шәріпбекұлы 1961 жылы 20 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Ол 2014-2017 жылдары және 2018 жылы Түркістан қаласының әкімі болды. 2017 жылдың желтоқсаны мен 2018 жылдың маусымы аралығында сол кездегі ОҚО әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары