15.04.2024, 12:45
Оқиғалар
«Құлап кетуі мүмкін»: Қостанай облысының көпірінде жарық пайда болды
Автокөліктер иелері үшін көпірмен жүруге шектеу енгізілді
Фото: Қостанай облыстық ПД
Қостанай облысының полиция департаменті Қостанай облысының тұрғындарына көпірдегі жарыққа байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Полиция департаменті Науырзым ауданының Дәмді ауылының маңындағы көпірде пайда болған жарықтың салдарынан көпір бұзылуы мүмкін екенін хабарлады.
«Осыған байланысты көліктің барлық түрі үшін көпір бойымен қозғалысты шектеу туралы шешім қабылданды. Айналма жол Республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл” автожолы арқылы қарастырылған», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полиция тұрғындарды қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
Көп оқылған
20.09.2026, 15:13
21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады
20.09.2026, 08:43
Астанада 14 қабатты тұрғын үй кешенінде түнде өрт шықты (ВИДЕО)
20.09.2026, 13:23
Талдықорғандағы жаппай төбелес: полиция қылмыстық іс қозғады
20.09.2026, 14:40
Алматыда полициядан қашпақ болған күдіктіден 500 миллион теңгенің есірткісі тәркіленді (ВИДЕО)
20.09.2026, 06:28
АҚШ пен Дания Гренландия бойынша келісімге келді
Бүгін, 01:44
Қазақстанда бір тәулікте екі орман өрті тіркелді