15.04.2024, 09:13
Оқиғалар
Ауғанстанда су тасқынынан 33 адам көз жұмды
Елде 600-ден астам үй қирап, 200-ге жуық мал қырылған
Фото: DW
Ауғанстанда жаңбыр суынан болған тасқыннан 33 адам қаза тауып, 27 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Azattyq Ruhy DW-ға сілтеме жасап.
Талибан өкілі, Төтенше жағдайлар министрі Абдулла Жанан Сайек 12 сәуірде Ауғанстан астанасы Кабулда және басқа аймақтарда су тасқыны тіркелгенін хабарлады. Оның айтуынша, 600-ден астам үй қирап, 200-ге жуық мал қырылған. Су тасқыны 800 гектарға жуық алқап пен 85 шақырымнан астам жолға зиян келтірген.
Жергілікті гидрометеорологиялық қызмет Ауғанстанның провинциясының көпшілігінде алдағы күндері жаңбыр жауады деп ескертті. Жауын-шашынның көп бөлігі Газни, Кабул, Кандагар және Нангархар провинцияларына жауады деп болжанған.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)