$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
12.04.2024, 17:23
Оқиғалар

«AMANAT» филиалдары су тасқынынан зардап шеккендерге қалай көмек беріп жатыр

Филиал қызметкерлері мен мәслихат депутаттары су тасқыны кезінде халық жанынан табылған

«AMANAT» филиалдары су тасқынынан зардап шеккендерге қалай көмек беріп жатыр
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі

«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы мен аудандық мәслихат депутаттары аймақтағы су тасқынына қарсы шараларға ат салысып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мәселен, Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов хабарлағандай, мәслихат депутаттары Атбасар ауданында су тасқынына қарсы іс-шараларға көмек қолдарын созған. «AMANAT» партиясының Ақмола облыстық мәслихатының депутаттары түрлі көмек көрсетіп жатыр. Мысалы, бір депутат  бөгетте жұмыс істейтіндерге ыстық тамақ әзірлесе, тағы бір жергілікті депутат 5000 дана қап берген.

«Қошқар өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталмаған, сондықтан,  4 ауылдың тұрғындары аудан орталығына бара алмай отыр. Тұрғындарды көшіру үшін жедел-құтқару жасағының тұрақты бекеті ұйымдастырылды», - дейді Берген Беспалинов.

Ал, Бурабай аудандық мәслихатының депутаты Талғат Жапаровтың айтуынша, ол кейбір ауылдарды судан қорғау үшін арнайы техника берген.

«Бурабай аудандық мәслихатының депутаты ретінде Щучье қаласын, Макинск қаласын және Бурабай ауданының кейбір ауылдарын судан қорғау және ауыл іргесін бекіту бойынша арнайы техникамен көмек көрсеттім. Кенесары, Қаражар ауылдары мен Щучье қаласында «Жанет» мекемесінің арнайы ауыр техникасы күн-түн демей жұмыс істеді. Бүгін Бұланды ауданының бірнеше ауылдарын су басты деген хабарды ести сала таза ауыз сумен қамту мақсатында өз атымнан таза ауыз су, азық түлік пен тұрмысқа қажетті заттар тасыдым», - дейді депутат.

Серіктес жаңалықтары