$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Петропавлда тұрғындар суға таласып жатыр

«Қызылжар су» ЖШС сорғы станциясында апат болып, қалада су тоқтаған 

 

Петропавлда тұрғындар суға таласып жатыр
Фото: instagram.com/obovsempetropavlovsk/, Azattyq Rýhy

Петропавл халқы апат салдарынан сусыз қалды. Олар дүкендегі ауыз суды таласа сатып алып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бүгін «Қызылжар су» ЖШС сорғы станциясында электр тоғы өшкен. Бұл туралы мекеме директорының орынбасары Арман Саутов мәлімдеген.

«Сорғы станциясына тоқ қосылған соң, су қайта беріледі. Әлеуметтік нысанның барлығын оған дейін сумен қамтамасыз етеміз», - деді ол.

Сондай-ақ Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев сорғы бағаналарына мұз құлап, қалада су беруде қиындық туындағанын хабарлаған.

Оқиға орнында «Солтүстік-Қазақстан Электржелі тарату компаниясы» бригадасы жұмыс істеп жатыр. 4 сағат ішінде аяқтау жоспарланған. Сабыр сақтаңыздар. Тек ресми ақпаратқа сеніңіздер. Барлық әлеуметтік нысандар мен қала тұрғындары үшін су тасымалданады», - деді шенеунік.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#апат #Петропавл