Президент су тасқынынан зардап шеккен халық көмексіз қалмайтынын айтты
Дәл қазір Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Сөз басында президент су тасқынына байланысты үй-жайы мен мүлкінен айырылған қазақстандықтардың алдында міндетін толық орындайтынын мәлім етті. Президент атап өткендей, елімізде болып жатқан су тасқыны кезінде білікті мамандар мен ғалымдардың тапшылығы айқын сезіліп отыр.
«Алдымызда тұрған міндеттер – өте күрделі, ауқымды. Апаттан зардап шеккен азаматтарға барлық қажетті жағдайды жасауымыз керек. Бұл – қомақты қаражатты талап ететін жұмыс. Бірақ біз халықтың алдындағы міндеттемелерімізді толығымен орындаймыз. Бұл – парыз. Мен үшін бұл – ең маңызды және дәл қазіргі кездегі ең қажетті жұмыс», - деді Тоқаев.
Президент Қазақстанда ондаған жыл бойы ғылымға жете мән берілмегенін, сондықтан, еліміздің бұрынғы ғылыми әлеуеті мен инфрақұрылымы жоғалғанын атап өтті.