Астана су қоймасы 99% толды - ресми мәлімет
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады

Астана су қоймасы 99% толды. Мамандар су қоймасын күні-түні бақылап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Келген суды транзиттік режимде өткізіп жатырмыз. Су тасқынының белсенді кезеңі өтті, су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады. Мұнда тәулік бойы мониторинг жасалады. Тасқын суы Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы өтіп жатыр»,-деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Астана маңындағы бірқатар ауылдарға үлкен су таяп қалды деген жалған ақпарат таралған еді. Вице-премьер Қанат Бозымбаев су тасқыны кезінде жалған ақапарат таратып, қажетсіз дүрбелең тудырғандар жауапқа тартылатынын айтқан.