$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Әлемдегі ең жас миллиардер кім?

Оның байлығы 1,1 миллиард АҚШ доллары деп бағаланды

Әлемдегі ең жас миллиардер кім?
Фото: Ливия Войгттың Instagram парақшасынан

Әлемдегі ең жас бай адам – 19 жастағы бразилиялық студент Ливия Войгт. 10 сәуірдегі Forbes мәліметтері бойынша оның байлығы 1,1 миллиард АҚШ доллары деп бағаланған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vnexpress-ке сілтеме беріп.

The Sun-ның жазуынша, Войгт WEG Электр қозғалтқыш шығаратын компанияның 18 мұрагерінің қатарына кіреді. Ливия Войгт және оның 26 жастағы әпкесі Дора Войгтке WEG-тің негізін қалаушы аталары Вернер Рикардо Войгт қайтыс боларда компанияның 3,1% үлесін мұраға қалдырған.

Апалы-сіңлілер WEG-те басшылық қызметте де отырмайды, директорлар кеңесіне де кірмеген. Оның орнына Бразилияның Флорианополис қаласында отбасымен тыныш өмір сүруді жөн көрген.

Штаб-пәтері Бразилияның Джарагуа-ду-Сул қаласында орналасқан WEG электр қозғалтқыштарын, генераторлар мен трансформаторларды, редукторларды өндіретін әлемдегі ең ірі компания. Компанияның өнімі 135-тен астам елге жеткізіледі, ал компанияның кірісі 2023 жылы 6 миллиард АҚШ долларынан асқан.

Ливия мен Дора туысқан ағалары Эдуардо Войгт Шварц пен Мариана Войгт Шварц Гоместің де WEG-те үлестері бар, олар да Forbes журналының 2024 жылғы миллиардерлер тізіміне енгізілген.

Серіктес жаңалықтары