Қалада өңірлік деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды
Ақмола облысының Атбасар қаласында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Жабай өзеніндегі су деңгейі көтерілген.
Қалада 123 адам, соның ішінде 11 зейнеткер мен 29 бала эвакуацияланды. Қазір қала халқына құтқарушылар көмектесіп жатыр.