$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2024, 10:37
Оқиғалар

Бишімбаевтың адвокаттары сотқа кешігіп қалды

Судья оларды сот залына кіргізген жоқ

Бишімбаевтың адвокаттары сотқа кешігіп қалды
видеодан скриншот

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары бүгінгі сот отырысына кешігіп келіп, сот залына кіре алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Анықталғандай, олар бұған дейін де сот процессіне кешіккен. Бишімбаевты қорғап жатқан адвокаттардың бірі Ерлан Ғазымжанов екі әріптесінің сот залына кіре алмай тұрғанын айтты.

«Адвокат Құсайынова мен Рамазанова қазір есіктің артында тұр деген ақпарат келді. Олар сот отырысына кіруге рұқсат сұрайды», - деді Ерлан Ғазымжанов.

Алайда, судья сот процессі басталып кеткенін айтып, екі адвокатты кіргізген жоқ.

«Оларға бұның алдында да сот отырысына кешікпеу туралы ескерту айтылған. Онлайн-трансляция жүріп жатқандықтан, сот отырысы 09:30-да басталатынын біле тұра, сот отырысына кешікті. Сондықтан, олар қазір сот отырысына кіре алмайды. Судья үзіліс жариялағанда, қосылса болады», - деді судья.

Серіктес жаңалықтары