Балгер емес, дәрігер шақырайық – спорт комментаторы Бишімбаевтың жауабын мысқылдады
Комментатордың сөзінше, адам жарақаттанғанда кейбір "ақымақтар" балгерлерге хабарласады
Спорт комментаторы Әлімжан Асқар шулы соттың фигуранты Қуандық Бишімбаевты футбол матчы кезінде келеке қылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
"Шахтер" мен "Астана" футбол клубтары 7 сәуірде Қазақстан чемпионатының 4-турында өнер көрсеткен. Матч уақытында комментатор жығылып қалған футболшыға көмек көрсету үшін «көріпкел емес, дәрігер шақырған дұрыс» деп әзілдеді.
«Дәрігер шықыруымыз керек сияқты. Жалпы, бір адамға көмек керек кезде, жедел-жәрдем, дәрігерлер шақырған дұрыс. Әйтпесе кейбір ақымақтар балгерлерге хабарласады екен. Жоқ, әркім өз жұмысын істесін. Дәрігерлер келіп, көмек көрсеткен жөн болады. Дәл қазір Ашортионы зеңбілмен алып кетуге дайындалып жатыр», - деді ол.
Айта кетсек, елорда сотында ісі қаралып жатқан бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев хал үстінде жатқан әйелін өлім ауызанан құтқаратын дәрігер шақырудың орнына, балгерге хабарласқанын айтқан болатын.