Оралда белгісіз біреулер ерлі-зайыптыларды өлтіріп кеткен
4 сәуір күні полиция олардың өртенген көлігін тапқан
Оралда ерлі-зайыптыны өлтіріп кеткен күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
4 сәуір күні Үлкен Шаған ауылы маңынан полиция қызметкерлері өртеніп кеткен Volkswagen jetta көлігін табады. Кейінірек ол автокөлік иелерінің өлтірілгенін, ал көліктің ұрланып, өртенгені анықталады
Автокөліктің VIN-кодын тексеру барысында көлік иесінің 1972 жылы туған тұрғын екені анықталды. Ол азаматтық некедегі әйелімен бірге наурыздың 25-інен 26-ына қараған түні белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.
Полиция дерегінше, марқұмдардың туыстары көліктің иелерін іздегенге дейін ерлі-зайыптының қайтыс болғанын білмеген.
«Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (адам өлімі) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 14 сәуір күні полиция екі күдіктіні анықтап, қолға түсірді», - делінген хабарламада.