Өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыды
Оралда тоғыз қабатты жатақханада өрт шығып, 119 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Оқиға 16 сәуір күні сағат 21.28-де Еуразия даңғылында болды. Жатақхананың алтыншы қабатындағы 121-пәтерден өрт шықты. Өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыды. Оқиға орнынан 119 адам эвакуацияланды, оның 43-і – балалар», - деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіруге 24 адам мен 6 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 22.05-те сөндірілді.