$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.04.2024, 22:48
Оқиғалар

Рудный қаласында жоғалған бүлдіршін тапты

Біраз уақыт өз беттерінше іздеген ата-анасы полицияға жүгінген

Рудный қаласында жоғалған бүлдіршін тапты
Фото: Polisia.kz

Рудный қаласында көшеде ойнап жүрген бала қас-қағым сәтте ұшты-күйлі жоқ болып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Біраз уақыт өз беттерінше іздеген ата-анасы полицияға жүгінген. Сақшылар бірнеше минут ішінде жедел іздестіру жұмыстарын қолға алып, барлық бейнебақылау камераларын қарап, тұрғын үйлерді аралап шықты.

Іздестіру операциясы сәтті аяқталып, баланың көрші подъездегі досына қонаққа барғаны белгілі болды. Ата-анасы полицияға алғыс айтты.

Тәртіп сақшылары балаларды қараусыз қалдырмау керектігін және жоғалған жағдайда дереу 102 арнасына хабарлауды ескертеді. Оның үстіне қар еріп, су тасып жатқан көктем мезгілінде шұғыл әрекет ету қажет.

«Абырой болғанда көршісінің үйінен табылды. Егер қиын жағдайға тап болса, баланы құтқару үшін әрбір секунд маңызды», - дейді сақшылар.

Серіктес жаңалықтары