Түркістанда өзі қатарлас баланы ұрып-соққан жеткіншектің ата-анасы жауапқа тартылды
Кәмелетке толмаған күдікті Абай облысында ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа жіберіледі

Түркістанда өзі қатарлас баланы аяусыз соққыға жыққан мектеп оқушысының ата-анасы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бұзақылыққа күдікті жасөспірімнің ата-анасы балаларын дұрыс тәрбиелемегені үшін жауапкершілікке тартылып, материалдар сотқа жіберілді. Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия күдіктіні Абай облысында ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатқа жіберу туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Түркістан облысының білім басқармасына кешенді тексеру жүргізілмек.
Бұған дейін, әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған жеткіншектің өзімен шамалас баланы ұрып-соғып жатқан видеосы тараған болатын.