$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.04.2024, 20:53
Оқиғалар

Ақтөбе облысында жол апатынан Өзбекстанның 8 азаматы қайтыс болды

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Ақтөбе облысында жол апатынан Өзбекстанның 8 азаматы қайтыс болды
Бейнеден кадр

Бүгін, 3 сәуірде Самара-Шымкент автожолында Маржанбұлақ ауылының маңында Volvo жүк көлігі мен Өзбекстан Республикасы азаматы тізгіндеген Toyota-Аlhpard минивенінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Олардың барлығы – Өзбекстан Республикасының азаматтары.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қозғалыс кезінде жүк көлігінің дөңгелегі жарылған және соның салдарынан жүргізуші көлікті бақылай алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып, соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Полиция департаменті жүргізушілерді көліктің жай-күйін бақылауда ұстауға, жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары