Астанада балаларды оңалту ұлттық орталығының ғимаратынан өрт шықты

Azattyq Rýhy

Өрттің алдын ала себебі – электр сымының қысқа тұйықталуы

Астанада балаларды оңалту ұлттық орталығының ғимаратынан өрт шықты
Фото: 2gis

Астанада ұлттық балаларды оңалту орталығының ғимаратынан өрт шықты. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖД мәліметінше, 3 сәуір сағат 19:58-де ұлттық балаларды оңалту орталығының трансформаторлық қосалқы стансасының жертөлесінде электр кабелі жанған.

Одан шыққан оттың бетін қайтаруға ұнтақты өрт сөндіргіш қолданылды.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында сағат 21:13-те жалын оқшауланып, 21:20-да сөндірілді. 

Ешкім зардап шеккен жоқ.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымының қысқа тұйықталуы.

Медицина мекемесі Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды. 

«Астана әкімдігі пациенттерді орналастыруға көмектесті. Жанында анасы бар балалар қаланың қонақ үйлеріне және ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына көшірілген. Астанада тұратын науқастар үйіне жіберілді. Қажет болған жағдайда қала стационарларына ауыстырылады. Бүкіл пациенттер медициналық қолдаумен қамтамасыз етіледі», - деп хабарлады әкімдіктен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.