Павлодарда 62 жастағы әйел мен 26 жастағы ер адам коронавирус жұқтырған
Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда
Екеуі де бұған дейін вирус анықталған әйел адаммен байланыста болған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«COVID-19 Павлодардың карантин стационарында жатқан 1994 және 1958 жылғы тұрғындарынан анықталды. Олар 14 сәуір күні вирус анықталған әйел адаммен байланыста болғандықтан стационарға жатқызылған», - деді баспасөз қызметінде.
Департаменттің хабарлауынша, екі науқас та мельцер боксына жатқызылды. Байланыста болған адамдар анықталуда. Оларды оқшаулау бойынша және эпидемияға қарсы жұмыстар жүріп жатыр.
Айта кетейік, Павлодар облысында вирусты жұқтырғандар саны - 13, жазалып шыққан - 1, қайтыс болған - 1. Еліміз бойынша індетті жұқтырғандар саны - 1331.