29.03.2024, 14:00
Оқиғалар
Ақтөбе облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды
Бір ауылды толығымен су басып қалды
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев
Ақтөбе облысының Үйіл ауданында көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, бес ауылды су басу қаупі бар: Қаратал, Қарасу, Амангелді, Қарасу, Көптоғай. Ал Екпетал ауылы толығымен су астында қалды. Көктемгі су тасқыны Үйіл өңіріне үлкен қиындықтар туғызып отыр.
«Осыған байланысты бүгіннен бастап ауданда жергілікті төтенше жағдай жарияланды. Сондықтан осы елді мекендердің барлық тұрғындарын қауіпсіз аймаққа шығуды сұраймыз. Ең бастысы - адам өмірі», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 07:39
Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы