28.03.2024, 09:18
Оқиғалар
Қостанай облысында су басқан үйлердің шатырынан 150 адам тікұшақпен құтқарылды
Құтқарылғандардың ішінде 63 бала бар
Видеодан кадр
Қостанай облысында су басқан аймақтардан 150-ден астам тұрғын тікұшақ арқылы құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Осы түні ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабының үйлестіруімен Жаңақала, Екіді, Аққысы, Қызылжұлдыз ауылдарының және Қостанай облысының 9 қыстағының тұрғындарын эвакуациялау бойынша құтқару операциясы жүргізілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Іс-шара Қорғаныс министрлігінің Әуе кемелерінің көмегімен өтті.
«150-ден астам жергілікті азамат құтқарылды, олардың 63-і кәмелетке толмағандар», - делінген хабарламада.
Тікұшақтардағы адамдар Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне жеткізілді.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды