БҚО-да ауыл үйлерін су басып қалды

Автор: Мира Байбек

Тұрғындар мектеп-интернат ғимаратына көшірілді

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы Аңқаты ауылында тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тұрғындардың үйін су басып қалған.

«Теректі ауданы Аңқаты ауылында жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кіріп, сондай-ақ, 8 аула аумағын су басты», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта 27 тұрғын мектеп-интернат ғимаратына көшірілді. Үй жануарлары мен құстар қауіпсіз жерлерге шығарылды.

Су деңгейін түсіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы жабынды ашу жүргізілді.