Ауыл тұрғындары өзге мүліктеріне алаңдаушылық танытып отыр
Қостанай облысында алғашқы су тасқыны кеше, 25 наурызда Арқалық елді мекендерінде тіркелді. Төтенше жағдай бүгін Амангелді елді мекеніне де жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТоболИнфоға сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, елді мекенде 18-ге жуық құтқарушы жұмыс істеуде, бірақ олардың күші жеткіліксіз. Жергілікті билік, тұрғындар атап өткендей, су тасқынына дайын емес еді.
Жергілікті жұрт су үйлерге, малға қауіп төндіріп жатқанын айтады. Тіпті қорадағы қозылар су тасқынының құрбаны болуда.
Ауыл тұрғындары өзге де мүліктеріне алаңдаушылық танытып отыр.
«Адамдар дүрбелеңге түсті. Жергілікті билік су тасқынына төтеп бере алмайды. Орталық көшелердің бірі Сейфулиннің барлығы суда, екі мектеп бар», - деп хабарлайды жергілікті тұрғындар.