Елді мекендерді су басу қаупі жоқ
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылынан 27 шақырым жерде қардың қатты еруіне байланысты аудандық маңызы бар жолды мсу басты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Су басу оқиғасы «Ұлытау-Сарлық» автожолында болды.
Көлік қозғалысына шектеу енгізілмеді. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
ЖАО күшімен кезекшілік ұйымдастырылды.