Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам көз жұмып, екеуі зардап шекті
Сотқа дейінгі тергеу басталды

Шымкентте 22 наурызда жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан бір адам көз жұмып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Оқиға Тұран-1 шағын ауданындағы қиылыстардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша BMW тігіндеген 39 жастағы жүргізуші Lexus көлігіне жол бермеген. Соның салдарынан қатты соққы BMW көлігінің алдыңғы жолаушылар орындығы орналасқан жағына тиген. Орындықта отырған 27 жастағы жолаушы қайтыс болды.
BMW көлігінің жүргізушісі мен екінші жолаушысы түрлі дене жарақаттармен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Ал Lexus көлігінің рөлінде 2004 жылғы жүргізуші болған. Оған медициналық көмек қажет болмады.
Жол-көлік оқиғасы бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.