Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 3 адамы, 1 бірлік техникасы жұмылдырылды
Қостанайлық құтқарушылар 5 шетелдік азаматты құтқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
«Түнгі уақытта Арқалық қаласының аумағындағы Жалғызтал ауылынан 5 ш. жерде ТЖД күшімен балшық массасында қалған шағын автобустан Арқалық қаласына 5 Тәжікстан азаматтары жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады. Колледж базасында жылыту пунктінде орналасып, тамақтану ұйымдастырылған», - делінген ведомство хабарламасында.
Құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамының 3 адамы, 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.