15.04.2020, 11:58
Оқиғалар
Қостанай облысында 75 жастағы тұрғын коронавирустан көз жұмды
Республика бойынша қауіпті індеттен көз жұмғандар саны – 15
Қостанай облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Марқұм 1945 жылы дүниеге келген. Бұл туралы ақпаратты coronavirus2020.kz порталы хабарлады.
Осылайша, Қазақстанда қауіпті індеттен көз жұмғандар 15 адамға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 2
- Алматы қаласы – 2
- Шымкент қаласы – 2
- Ақмола облысы – 4
- Шығыс Қазақстан облысы – 1
- Қарағанды облысы – 1
- Қостанай облысы – 1
- Павлодар облысы – 1
- Түркістан облысы – 1
Індеттен көз жұмған 75 жастағы тұрғын жайлы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы ақпарат берді. 1945 жылы туған азамат Жітіқара қаласының тұрғыны екен. Пневмония диагнозымен ауруханаға түскен. 14 сәуір күні науқастың жағдайы ауырлап, оған реаниматологтар бригадасы қолдан келгенше көмек көрсеткен. Алайда, бүгін таңғы сағат 08.30-да науқастың жүрегі тоқтаған.
Көп оқылған
11.07.2026, 08:23
Тараздағы перзентханада бес баланың анасы көз жұмды: туыстары тергеу жүргізуді талап етті
11.07.2026, 07:26
Аптап ыстық Қазақстанды шарпиды: 11 шілдеге арналған ауа райы болжамы
11.07.2026, 13:04
Бурабайда электрлі рикша қоршауға соғылды: зардап шеккендер бар
11.07.2026, 10:23
Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында іс-шаралар өтті
11.07.2026, 10:00
Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды