Ұсталған адамдардың жеке бастары анықталды
Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтырмақ болғандарды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №57 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған екі ер адамды ұстады.
Оқиға орнынан пакеттермен оралған түйіншек тәркіленді. Ішінен бір пакет және көлемі 1 литрлік насыбай толы бөтелке, үш ұялы телефон мен төрт зарядтағыш құрылғы табылды», - делінген хабарламада.
Ұсталған адамдардың жеке бастары анықталды. Оқиғаға қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.