19.03.2024, 15:37
Оқиғалар
Түркістан облысында ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салған
Күдіктіні ұстауға «Арлан» арнайы жасағы жұмылдырылды
Видео: Otyrar.kz
Сайрам ауданында ерлі-зайыптылар арасында болған жанжал соңы қайғылы жағдайға ұласты. Күйеуі әйеліне пышақ салып, кейін өзін өлтірмек болған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Отырарға сілтеме жасап.
Көлікпен Асар шағынауданына дейін қансырап жеткен ерлі-зайыптыны «Арлан» арнайы жасағы қуып, арнайы белгі беріп, әзер тоқтатқан. Жараланғандарды екі жедел жәрдем көлігі келіп, алып кеткен.
Дәл қазіргі уақытта 1989 жылы туған ер адам ауруханада ауыр халде жатыр.
Оған бас ми суйегінің жабық жарақаты, бас ми шайқалуы, бас төбе бөлімі кесілген жарақаты, іш аймағының ашық кесілген жарақаты, сол жақ санның орта бөлігі жарақаты диагнозы қойылған.
Әзірге ресми орган ақпарат беруден бас тартты.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды