$ 537.63  622.52  6.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 617 жол апаты тіркелді

Қала көшелерінде мұндай көліктің шамамен 50 мыңы жүр

Алматыда мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен 617 жол апаты тіркелді
Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Алматыда өтен жылы мопедтер мен электросамокаттардың қатысуымен алты жүзден астам жол көлік апаты орын алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy

Қалалық ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров мәлім еткеніндей, Алматыда 2,2 миллион адамға 636 мыңнан астам көлік тіркелген. Сонымен қатар, келетін және кететін көліктердің тәуліктік маятниктік ағыны орташа есеппен қаладан тыс тіркелген 500 мыңға жуық көлікті құрайды.

Осылайша, күніне қалада 1 миллионнан астам көлік жүреді. Егер республикада 5 миллионға жуық көлік тіркелген болса, олардың әрбір бесіншісі немесе 20 пайызы Алматыда жүреді.

«Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруінің маңызды факторы – жол қауіпсіздігі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жол-көлік оқиғаларының жалпы санының, соның ішінде жарақат алғандармен болатын ЖКО азайғаны байқалады. Жол-көлік оқиғасы деңгейіне Алматы тұрғындары мен қонақтарының, әлемнің көптеген шаһарлары сияқты баламалы көлік түрлерін – мопедтер мен электросамокаттарды пайдалануы әсер еткенін бәрі біледі. Алматы жолдарында мұндай көліктің шамамен 50 мың бірлігі жүреді», - деді Арыстанғани Заппаров.

ІІМ қабылдаған шаралар самокаттарды пайдалану жағдайын біршама тұрақтандыруға мүмкіндік берді: жас шектеулері белгіленді, қорғаныс құралдарын міндетті түрде пайдалануға және жолаушыларды тасымалдауға талаптар қойылды.

«Талдау көрсеткендей, зардап шеккендермен болатын жол-көлік оқиғаларының жалпы санының 16,1%-ы мопедтер мен самокаттардың жүргізушілерінің арасында орын алады. Жол-көлік оқиғаларының көпшілігі қиылыстарда болады, мопедистер «өлі аймақта» болғанда көлік жүргізушілері оларды көрмейді. Сонымен қатар, көптеген мопед жүргізушілері Жол қозғалысы ережелерінің негіздерін білмейді», - деді қалалық ПД бастығы. 

Жол-көлік жарақаттары мен өлім-жітім санын азайту мақсатында полиция қызметкерлері күн сайын жол-көлік оқиғасы көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, соның негізінде патрульдеу арқылы қауіпті аймақтарды күшейтіп, тиісті ұйымдарға жол жағдайын жақсарту бойынша ұйғарымдарды ұсынады.

Серіктес жаңалықтары