Өскеменде бір күнде екі адамның мәйіті табылды
Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды
Өскеменде бір күнде қаланың әр түкпірінен екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Azattyq Ruhy тілшісі Yk.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, бір ер адамның денесі Қабанбай батыр көшесіндегі ойын-сауық мекемесінің жанынан табылды. Ол зорлық-зомбылықпен көз жұмған болуы мүмкін.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тағы бір мәйіт «Тамерлан» СҮ маңындағы кафенің жанынан табылды. Бұл жерде де зорлық-зомбылық себеп болған болуы мүмкін, бірақ егжей-тегжейлі белгісіз.
«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті көз ұзамай ұсталды. Заттай дәлелдемелер алынып, қажетті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның барлық мән-жайлары белгіленеді», - деп хабарлады ШҚО ПД.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.