Риддер-Сокольный полиметалл кен орнында өрт шықты
Риддер-Сокольный полиметалл кен орнында өрт шығып, 206 кенші эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.
«14 сәуірде Риддер-Сокольный кенішінің жер астында түтін шықты. Оған қауіпсіздік ережесін сақтамау себеп болғаны анықталды. Кеніштегі 206 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», – деп жазылған Риддер қалалық төтенше жағдайлар басқармасы таратқан ақпаратта.
Өртті сөндіруге республикалық кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару жасағының 11 қызметкері жұмылдырылған.
«Қазір жағдай реттелді. Түтін өшірілді. Кеніш жұмысы қайта қалпына келтірілді», – делінген ақпаратта.