Павлодар облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті
Мал иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Павлодар облысында жүк пойызы жылқыларды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Павлодар облысы желілік полиция бөлімінің мәліметінше, 13 наурыз күні сағат 15:29-да Көктөбе станциясынан 130 шақырымда № 2505 жүк пойызының, № 0121 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, екі жылқыны қағып кетті. Пойыз 10 минут тұрды.
Сағат 19:13 шамасында Май - Дегелең станциясы арасындағы 200 шақырымында № 1284 жүк пойызының, № 0084 тепловоздың машинисі шұғыл тежеуді қолданып, бір жылқыны қағып кетті. Пойыз 12 минут тұрды.
«Ақсу станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында мал иелерін анықтады. Олар Май ауданының Павлодар облысының тумалары, 50 және 49 жастағы азаматтар болып шықты», – деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша мал иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі бойынша темір жолдың бөлінген белдеуінде мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.